Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі

Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі

star star star star star
wifi Бар
location_on Қабанбай батыр даңғылы, 15
phone 8 (717) 275 6700
language Сайт

Қонақ үйлер

Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Қонақтарға сауна және фитнес-орталық қызмет көрсетеді. Қонақтар тұрақ пен Wi-Fi тегін пайдалана алады.

Қонақ үйдің барлық бөлмелері заманауи стильде жабдықталған. Мұнда әр бөлмеде тегіс экранды теледидар, кондиционер және тоңазытқыш бар. Фен, жуынуға арналған және косметикалық жабдықтардың тегін жинағымен жабдықталған жеке ванна бөлмесіне душ орнатылған. Жазу үстелі мен сейф те қонақтарға жайлылық беру үшін орнатылған.

Garden гриль-барында жергілікті және интернационалдық тағамдар ұсынады. Pavilion Pantry дәмханасында күн сайын тәулік бойы әр алуан тіскебасар мен сусындар алуға болады.

Қонақтарға қолайлы болу үшін Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде жүкті сақтау және кір жуу орындары бар.

Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінен Бәйтерек монументі және «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы секілді қаланың көрікті орындарына серуенге бару жолы бірнеше минут.

Астана халықаралық әуежайы қонақ үйден 30 минуттық жерде орналасқан.

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз

mapкарта