Hilton Astana

Hilton Astana

star star star star star
wifi Бар
location_on Сауран көшесі, 46
phone +7 (717) 264 9900
language Сайт

Қонақ үйлер

Hilton Astana – бұл «Астана ЭКСПО» футуристік көрме кешеннің аумағында орналасқан заманауи қонақ үй. Жүз жыл уақыттын ішінде Hilton қонақ үйлер жүйесі қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейімен танымал. Hilton Astana қонақ үйінде сауықтыру eforea spa спа-орталығы, тәуліктік жаттығу залы, жабық хауыз, тұлғалы лаундж және шатырда Cloud9 бары сияқты жайлылықтар қарастырылған. Axis қонақ үйдің лобби бары қонақтарға еуропа және азия тағамдардың кең мәзірін ұсынады және түскі 12.00 ден 15.00 аралығында өте тиімді баға бойынша бизнес-ланч ұсынады.  

 Қонақ үйдің бөлмелік қоры 253 бөлмелерді құрайды, олардың ішіне стандарт, suite, executive suite, deluxe және Президенттік бөлмелері кіреді. Сонымен қатар, қонақ үй әртүрлі конференциялар мен іс-шараларды өткізуге өте қолайлы. Hilton Astana қонақтарына іс-шара өткізу мақсатына 4000 шаршы метр аумағын ұсынады, 30 – 771 шаршы метр өлшеміндегі бөлмелер.

Eforea spa келушілеріне бір қатар бірегей процедураларын ұсынады. Олардың бірі – теріні күту активтендіруші биоэнергиалық кешен BIOTEC жүйесінде негізделген процедуралар. BIOTEC кешені терінің әр түріне қатысты және керекті нәтижеге қол жеткізу мақсатында процедуралардың кең таңдауын қамтиды: жасарту, түзету және нығайту.   

 Жеке процедуралардан басқа eforea spa алуан түрлі демалу бөлмелері мен релаксация аумақтарын ұсынады. Олардың бірі – арнайы микроклиматы бар тұзды бөлме, бұл бөлмеге келген адамның ағзадағы айналым процесстері жақсарады, иммунитеті нығайады және ұйқысы қалпына келеді. Кешеннің ерекше мақтанышы – үлкен дәстүрлі екі аумақты хаммам. Олардың бірі – процедуралар өткізуге арналған жеке бөлме. 

Hilton Astana қонақ үйінде 2 мейрамхана орналасқан: Axis lobby bar және шатырдағы бар Cloud9.  

Кең аумақты  атриумның астынғы қабатында орналасқан Axis lobby bar жайлы атмосферасымен және бар мен ас үйдің керемет ассортиментімен еліктіреді.  

Axis елорда қонақтарын Қазақ ас үйімен таныстыруға аса қуанышты, сонымен қатар қонақтар еуропаның үздік тағамдарының дәмін тата алады.

Шатырда орналасқан Cloud9 барының концепциясы – ол өз қонақтарына ЭКСПО кешеннің әсемді көрінісі бар және DJмен бірлескен бірегей күйсандықтың жанды орындауы ұсынылған лаундж аумағы бар кешкі демалу орны. Бардың бірегейлігі арнайы Cloud9  барына жасалған «9 легенд» деген коктейлердің эксклюзивті сериясынан жасалады. Ас мәзірі азия тағамдарынан шабытталып жасалған тағамдардың мәзірін, сонымен бірге сұрыпталған америкалық сиыр етінен жасалған стейктердің кең таңдауын ұсынады.    

Жылдың жылы мезгілдерінде Hilton Astana қонақ үйінде 2 терраса ашылады, бірінші қабатта Axis lobby bar маңында және шатырдағы Cloud9 бардың маңында.         

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз

mapкарта