Astana Marriott қонақ үйі

Astana Marriott қонақ үйі

star star star star star
wifi Бар
location_on Астана, көш. Достық, 2
phone +7(7172)62-07-70, +7(7172)62-07-73
language Сайт

Қонақ үйлер

Астана Марриотт қонақ үйі жас қаланың жаңа орталығында, қаланың іскерлік, мәдени және ойын-сауық өтетін жерлері шоғырланған жерде, Астана Опера және опера театрына бір қадам жерде орналасқан. Астана Марриотт қонақ үйі нөмірлерінің қоры 271 заманауи және жайлы нөмірлерден тұрады. Бүгінгі күні Астана Марриотт Қазақстанда Marriott International желісіндегі брендтер тобына жататын бесінші қонақ үй, қрнақ үйді тікелей басқарумен Interstate Hotels & Resorts компаниясы жүзеге асырады.

Қонақ үйдің ішкі көрінісіндегі ашық реңдегі таза сызықтар және ұзақ сақталатын мәрмәр тастар көшпенділердің этникалық өнерінің элементтерімен табиғи түрде шебер ұштастырылған. Ұлттық колориттің «жанасу» ауаны қонақ үй нөмірлерінде де жалғасын табады, ашық түспен өрнектелген ұлттық нақыштармен кереуеттердің бас жақтары әсем әшекейленген. Тарихқа деген тағзым және бір кезеңдерде болған Ұлы Жібек жолы туралы естеліктер, жуынатын бөлменің ішкі көрінісінің шешімі табиғи жібектің түстерімен орындалған.

Астана Марриотт түскі ас және кешкі ас үшін барлық Астана тұрғындары мен қонақтарына қолжетімділік ашылатын сан алуан үш орынды ұсынады: Vista қонақ үйдің Restaurant & Bar, Арома и Лобби-бар мейрамханасы. Қонақ үйдің 27-қабатында орналасқан Vista Restaurant & Bar сияқты бірегей орынды көре отырып, Сіз тамаша асхананы ғана бағалап қоймай, сонымен қатар Астанаға шолу жасап тамашалай аласыз. Арома мейрамханасы грильде дайындалған маусымдық тамағмдар пісіруге мамандандырылады. Бас аспазшының ас мәзірінен Сіз француз тағамдары сияқты, дәстүрлі қазақ асханасының да ұлттық тағамдарының дәмін тата аласыз. Лобби-барда Сізге күні бойы сусындар мен жеңіл тіскебасарлар ұсынылады. Қонақ үйдің Лобби бары тәулік бойы 24 сағатқа ашық.

Астана Марриотт қонақ үйі – бұл конференциялар, семинарлар, бизнес-кездесулерін өткізу үшін таптырмас заманауи алаң. Қонақ үйде 3 әмбебап конференция залы және сыйымдылығы 250 адамға дейінгі Банкет залы орналастырылған. Қозғалмалы аражабындар үлкен Банкет залын үш жеке кеңістікке бөліп тастауға мүмкіндік береді. Кездесулер ұйымдастырған кезде жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігінің керемет тосынсый болатындығы анық: Meetings Imagined – бұл Marriott International жинақталған іскерлік және салтанатты іс-шаралар ұйымдастырудың, тиімді әрі таң қалдыратын бизнес кездесулерінің мыңдаған үздік идеялары мен ұсыныстарының баға жетпес бай тәжірибесі. Мариотттың тағы да бір жаңашылдығы залдан шықпай-ақ батырманы бір ғана басумен өзіңіз жоспарлаған іс-шара үйлестірушісімен байланысу мүмкіндігін ұсынатын «Red Coat Direct» қосымшасы.

Қонақ үйдің барлық аумағында Wi-Fi желісі қосылған, бұл жұмыс үшін сияқты, демалыс үшін де қолайлы жағдай. Қонақ үйде сондай-ақ бизнес-орталық және жаттықтыру залымен, жабық бассейнмен, саунамен және буландыру бөлмесімен жабдықталған клуб бар.

Астана Марриотт қонақ үйіне ат басын тіреген қонақтар ұтылмайды, кейін олар осы қонақ үйге тоқтағаны үшін берілетін ұпайларын қонақ үйлерде түнгі мезгілде тегін тұруға, авиабилеттерге және Сіздің алдыңыздан Marriott Rewards клиенттерінің адал қызметтер көресу бағдарламасын ашатын ерекше артықшылықтарға алмастыра алады. Онда 3800 қонақ үй, 16 бренд және 72 ел қамтылған. Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша 45 милиионнан астам адам оның мүшелері болып табылады.

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз

mapкарта