Валентин күні

Валентин күні

location_on М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық Орыс Драма Театры, Желтоқсан к., 11
date_range 25 қаңтар
access_time 18:00
attach_money Бастап 1000 тг.

Театр қойылымы

Иван Вырыпаевтың "Валентин күні" Михаил Рощиннің өткен ғасырдың жетпісінші жылдары айрықша табысты болған әйгілі "Валентин мен Валентина" пьесасының заманауи жалғасы. Иван Вырыпаевтың Валентинасы алпыс жаста, ол әлі күнге дейін өзінің Валентинін сүйеді және уақытты кері қайтарғысы келеді. 20 жыл бұрын сүйіктісінің өлген күні болған өз туған күніне қайта оралғысы келеді. Сонымен уақытты кері қайтаруға бола ма?.. Араб философы Кора Әл Музанидің "Уақыттан сана іздеп әуре болмаңдар-уақытта сана жоқ. Уақытты саналы түрде түсірдіруге тырыспаңдар, уақыт деген нәрсе жоқ. Екі нәрсе бар: махаббат және махаббат" даналығының ізімен біз ақиқатты табуға тырысамыз. Бәлки, мына "жансыз" әлемді бір қабатты "витебтік үйшіктер" үстінде ұшып жүрген Валентин мен Валентинаның артынан шагалдық күйеу жігіт пен қалыңдық секілді қалықтай алармыз...

Қоюшы-режиссер - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов
Қоюшы-суретші - ҚР "Мәдениет қайраткері" Қанат Мақсұтов
Композитор - Евгения Терехина 

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз

mapкарта