Мюзикл «Достар серті»

Мюзикл «Достар серті»

location_on ЦКЗ «Казахстан», г. Нур-Султан, ул. Мәңгілік ел, 10/1
date_range 02 қазан
access_time 19:00
attach_money Бастап 300 тг.

Театр қойылымы

«Достар серті» мюзиклі

«Astana Musical» мемлекеттік театры Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына «Достар серті» мюзиклін ұсынады.

«Достар серті» туындысы – премьерасы 2016 жылы өткен алғашқы қазақстандық мюзикл.

Мюзикл желісі 60-70-жылдар кезеңінде өрбіп, еліміздің әр өңірінен арман қуып консерваторияға оқуға келіп, бір қалада тоғысқан төрт абитуриент жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғаларын, жалындаған жастық шақтарын, адал достық пен нағыз махаббат хикаяларын баяндайды. Аталмыш мюзиклға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болмақ. Сонымен қатар, әлемдік музыканың жарық жұлдызы «Битлз» тобының репертуарындағы шығармалар және жаңа стилистикалық бағытта жазылған композициялар орындалатын болады. Либретто авторы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков, аудармашы, драматург – Әннас Бағдат. Қойылымның музыкасын жазған танымал дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері – Есләм Нұртазин.

Мюзиклдің қойылымы 2 қазан күні сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

Фотографии посетителей

Поделитесь своими фотографиями с нами, добавив хэштеги к вашим изображениям с помощью #welcometonursultan

map карта