Туристтерге ұнайтын елорданың көрнекті орындары

Мақалалар

Туристтерге ұнайтын елорданың көрнекті орындары

Астаналық туристер Бәйтерек пен мешіттерді өте ұнатады. Бұл қала туристерін зерттеу кезінде айқындалды.

Биыл ақпанда «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС-мен қаланың негізгі көрікті жерлерінің тартымдылық пен қанағаттану деңгейімен танысу үшін қала туристеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 200-ден астам турист қатысты. Олардың көпшілігі Ресей, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Украина, Польша азаматтары. Бір қызығы, қала қонақтарының арасында континенталды тұрғындардан басқа әлемнің алыс түкпірлерінен - Жаңа Зеландия, Мексика және АҚШ-тан келген қонақтар да бар.

Нұр-Сұлтан жас қала болғандықтан жылдан жылға жас саяхатшыларды көбірек тартады – сұралған туристердің жартысынан көбісі 30-ға толмаған жастар, ал 1/3 - 40 жасқа дейінгі қонақтар.

Туристер қаладан алған әсерлері мен елорданың көрнекті орындары туралы ойларымен бөлісті. Туристер арасында ең жоғары бағаға ие болған – Бәйтерек монументі. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі Бәйтерек қаланың басты символы бола тұра 2019 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 628 мың туристті тартты.

Екінші орында - Әзірет Сұлтан, Нұр Астана мешіттері. Елордалық қонақтар ғажайып мешіттеріміздің ерекше сәулетіне таң қалады.

Үздік үштікке Нұр Әлем болашақ энергиясы мұражайы (ЭКСПО) кірді. Қонақтар осы ғимараттың заманауилығын, бірегейлігін атап өтеді. Сондай-ақ Нұр Әлем мұражайы астанадағы ең көп суретке түсірілетін ғимарат болып шықты.

Аталған жерлерден басқа жоғары бағаланатын көрнекті орындар қатарына Нұр Жол бульвары, Ұлттық музей, Астана Опера театры, Қазақ елі монументі және Хан Шатыр кірді.

Дегенмен, туристер қалаға келудің негізгі мақсатынан бос уақытта көрікті жерлерді аралауды жүзеге асырады деп атап өткен. Сұралған туристер көбінесе конференцияларға, форумдарға және спорттық іс-шараларға қатысу үшін келетіндерін хабарлады.

Сауалнаманы Бәйтерек монументі мен Халықаралық әуежайда орналасқан туристік ақпараттық киоскілер жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, туристік ақпараттық киоскілерде қала қонақтары кез-келген уақытта елорда туралы барлық қажетті ақпаратпен қоса қала картасын, жол сілтемесін және т.б. ала алады.


Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/21868 

#welcometonursultan #nursultan #kazakhstan #heartofthegreatsteppe #travel

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз